Баспасөз мәлімдемесі

27 Ақпан, 2019 521 0

Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей оңай көз жеткізуге болады.  Ал, егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген болатын.

Осыған орай, «Жас Ұлан» РҚБ мүшелерінің ұйымдастыруымен, мектеп оқушылары арасында, соның ішінде жоғарғы сынып оқушылары үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған «Менің мамандығым - менің болашағым» атты жобасы бастау алды. Жобаның басты мақсаты болашақ мектеп түлектерінің дұрыс мамандық таңдауына ықпалдасу. Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру. Жобаның форматына сай қазіргі таңда түрлі салада өз мамандығын сүйіп білім алып жатқан студент жастармен мектеп оқушыларын кездестіру, жастар арасында еркін алаң құру. «Мамандық» құндылығы туралы түсініктерді кеңейту,оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.

«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ баспасөз қызметі


Тегтер: баспасөзмәлімдемесі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.