Түркістан облысындағы праймеризге арнайы әзірленген дауыс беретін 209 орын толығымен дайын. Оның 170-сінде онлайн, 39-ында офлайн дауыс берілетін болады. Аталған орындардағы 580 дауыс беру кабинкасында 460 компьютер орнатылып, ғаламтормен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 209 дауыс беру орнында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына қарасты 245 бастауыш партия ұйымының 80 мыңға жуық мүшесі дауыс беруге әзірленуде. Бүгіннің өзінде Түркістан облысындағы партия мүшелерінің 97 пайызы «Primaries 2020» ақпараттық жүйесіне тіркеуден өткен. Тіркеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы партияішілік сайлауда «Nur Otan» мүшелері ғана онлайн дауыс бере алады. Дауыс беруде бір дауыс: бір ЖСН (ИИН), бір мобильді нөмір және бір IP мекен-жай принципімен жұмыс істейтін болады. Яғни бір нөмірден тек бір ғана адам дауыс бере алады. Егер осы деректердің бірі сәйкес келмесе, «Primaries 2020» ақпараттық жүйесіне тіркелмейді, яғни дауыс бере алмайды. Мұның барлығы дауыс беру кезеңіндегі түрлі айла-шарғыға, бұрмалаушылықтарға, сондай-ақ ықтимал жаппай дауыс беруге жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.