Коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлінеді?
Коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлінеді?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге - 50,5 миллиард теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыға - 91,9 миллиард теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге - 4,2 миллиард теңге, "үйдегі стационар" қызметін көрсетуге - 0,4 миллиард теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР -зерттеуге - 10 миллиард теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 миллиард теңге", - деп нақтылады басқарма төрағасы.
Сондай-ақ ол наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 миллиард теңге сомаға емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына ақы төлегенін қосты.