Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлінеді?

Коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлінеді?

Коронавирустың екінші толқынымен күресуге қанша ақша бөлінеді?
ашық дереккөзі
 width= Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус екінші толқыны және пневмониямен күресуге 159 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ онлайн-брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Қазіргі уақытта қор тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күрес бойынша іс-шараларды төлеуге 159 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге - 50,5 миллиард теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақыға - 91,9 миллиард теңге, стационарлық деңгейдегі ПТР-зерттеуге - 4,2 миллиард теңге, "үйдегі стационар" қызметін көрсетуге - 0,4 миллиард теңге, амбулаториялық деңгейдегі ПТР -зерттеуге - 10 миллиард теңге, мобильді бригадалардың жұмысына - 2,4 миллиард теңге", - деп нақтылады басқарма төрағасы. Сондай-ақ ол наурыздан шілдеге дейін қор 36,9 миллиард теңге сомаға емдеу, ПТР-тестілеу және мобильді бригадалардың жұмысына ақы төлегенін қосты.