Еуропа Одағы Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындамайды
Еуропа Одағы Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындамайды
Еуропа Одағы Беларусь президенті Александр Лукашенконың инаугурациясы демократиялық заңдылықтан айырылғанын мәлімдеді.
Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелдің айтуынша, бұл Беларусь еліндегі дағдарыстың күшеюіне әкеледі, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Еуроодақ Беларусьте 9 тамызда өткен президенттік сайлау еркін және адал өтпегенін тағы да қайталайды. ЕО сайлаудың жалған нәтижелерін мойындамайды. Осыған сүйене отырып, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде өткен ұлықтау рәсімі және Лукашенко дәмелі болып отырған жаңа (президенттік) мандат кез келген демократиялық заңды күшінен айырылды", - делінген құжатта.