Игілікті насихаттау мақсатында Ордабасы ауданында "Жүректен – жүрекке" акциясы басталды

27 Ақпан, 2019 2320 0

Игілікті насихаттау мақсатында Ордабасы ауданында "Жүректен – жүрекке" акциясы бастау алған болатын. Акция барлық ауыл округтерінде өткізіліп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек берілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында  аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға арналған "Жан-шуақ" қайырымдылық дүкені ашылды. Мұнда демеушілер тарапынан әкелінген азық-түлік, киім-кешектер тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылуда. 

Бұдан басқа, ауданның кәсіпкерлері мен демеушілер есебінен 281 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Сонымен қатар, жастар ұйымы жетекшілері мен  мектеп оқушылары, жалпы 480 жас пен 50 жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруасына қолғабыс жасады. Сондай-ақ, Қарақұм, Бадам, Шұбар, Бөген, Жеңіс, Төрткүл ауылдарында да әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар үшін арнайы дүкен ашылды. Аудан тұрғындары тағдыр тәлкегімен таршылық сынына ұшыраған ауылдастарына көмектесуді азаматтық парыз санап, қайырымды іске қосшы бола білді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан айында 365 балаға және 1-Наурыз «Алғыс айту» күніне орай аз қамтамасыз етілген отбасылардың 120 балаларына оқу-құралдары, киім-кешек, тағы басқа қажетті заттар алып берілді.

Тегтер: ордабасы, түркістан, акция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.