Жаңалықтар

Кезекші сыныптардағы тағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды

Кезекші сыныптардағы тағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды

 width= Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелді. Олар Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектептер шағын жинақты мектептер болып саналады", - дейді департаменттегілер. Қазір облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылды. COVID-19  анықталған барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілді дейді.