Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетіні белгілі болды
Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға қашан көшетіні белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшіру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қаулының орындалуын Қазақстан Президентінің Әкімшілігі қадағалайтыны айтылады.
Сондай-ақ, Ұлттық банктің Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А мекенжайы бойынша орналасатыны айтылады.