Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

3 күн бойы мұхитта жүзген: Балыққа арналған қорап ішіндегі ер адам тірі қалды ма?

3 күн бойы мұхитта жүзген: Балыққа арналған қорап ішіндегі ер адам тірі қалды ма?

3 күн бойы мұхитта жүзген: Балыққа арналған қорап ішіндегі ер адам тірі қалды ма?
ашық дереккөзі
 width= Индонезиялық балықшы үш күн бойы мұхитта балыққа арналған қорап ішінде жүзіп, тірі қалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Индонезияның Солтүстік Малуку провинциясындағы 46 жастағы Удин Диман 14 қыркүйекте балық аулауға кетіп, сол күні кешке үйіне оралмаған. Бір күннен кейін балықшының отбасы полицияға жүгінген. Құтқарушылар ер адамның балық аулайтын жерлерін тексерген, бірақ ол жақтан табылмаған. Кейін іздеу аймағын кеңейту туралы шешім қабылданады, ал екі күннен кейін Удин балыққа арналған қорапта аш күйінде табылды. "Біз оның үш күн бойы тамақсыз және сусыз қалай тірі қалғанын білмейміз, бірақ оның жолы болды. Біз оның табылғанына қуаныштымыз", - деді құтқару тобының жетекшісі. Удиннің өзі оның қайығы қатты ағын салдарынан аударылып қалғанын айтады. Ол балықты сақтауға арналған мұз салынған қорапты ұстап қалған, кейін үш күн бойы мұхитта жүзіп жүрген. "Мен аш болған соң анда-санда есімнен танып қала бердім, құтқарушылар тапқанша ұйықтадым", - дейді ер адам.