Елімізде кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды
Елімізде кезекші сынып оқушысынан алғаш рет коронавирус анықталды
Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.
Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.
"14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы - мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді", - деді Кожахметов.
Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық.
Онымен бірге 12 бала оқыды. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.