Түркістан облысында « Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» жұмысы қарқынды

26 Ақпан, 2019 485 0

Медициналық сақтандыру қоры 2019 жылы халыққа тегін қызмет көрсететін денсаулық сақтау нысандарымен келісімшарт бекітуді аяқтады. Келісімшарт бекіткен емханалар мен клиникалар Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындамақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның облыстық филиал директорының міндетін уақытша атқарушы Нұршат Айтымбетова мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

«Биыл Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тапсырысты 34 жекеменшік клиника орындап жатыр. Бұл Медициналық сақтандыру қорының дерекқорына Түркістан облысы бойынша енген 73 медицина ұйымының 46 пайызы. Қалған 54 пайызы – мемлекеттік емханалар. Оған қоса, жекеменшік клиникалар оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек түрлерін көрсетуге де белсенді түрде атсалысып жатыр», – деді Нұршат Реимбайқызы.

Жалпы, облыс бойынша тегін медициналық көмек көрсететін жеткізуші-ұйымдармен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 71 550 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мемлекеттік емханалармен – 66 229 млрд. теңгенің, жекеменшік клиникалармен – 5 321 млрд. теңгенің келісімшарты бекітілді.

Жекеменшік клиникалар стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетуде белсенділік танытып отыр. Сонымен қатар, стационарлық және емханалық-амбулаторлық көмек, ауылдық жерлердегі емханалық-амбулаторлық және консультативтік-диагностикалық көмек, жоғары технологиялық қызметтер көрсету бағытында да жекеменшік саланың үлесі басым.

«Қазіргі таңда жекеменшік клиникалар көрсететін медициналық көмек түрлері де көбейді. Мәселен, биылғы жылы олар онкологиялық көмек, жедел медициналық және паллиативті көмек, оңалту және қалпына келтіруге бағытталған көмек түрлерін көрсетуде ерекше белсенділік танытып отыр», – деді Нұршат Айтымбетова.


Тегтер: түркістан, медицина, емхана, клиника

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.