"Есеп беруі керек": Цой дәрігерлердің өтемақысы бойынша Мәжіліске шақырылды

"Есеп беруі керек": Цой дәрігерлердің өтемақысы бойынша Мәжіліске шақырылды

ашық дереккөзі

 width= Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне және індеттен көз жұмған дәрігерлерге өтемақы төлеу мәселесі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысумен қаралатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Азаттық рухы агенттігіне сілтеме жасап. «Медицина қызметкерлері өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Қауіптің алдыңғы шебінде тұрды. Кейбіреуінің денсаулығы нашарлап, кейбір дәрігерлер қайтыс болды. Осы бағытта дәрігерлерді қолдау шаралары тиісті деңгейде орындалмаған. Жақын арада «Nur Otan» партиясы фракциясына Денсаулық сақтау министрі және басқа мемлекеттік органдардың басшыларын шақырамыз. Олар осы мәселеге қатысты есеп беруі керек», - деді Мәжіліс төрағасы. Соңғы ақпарат бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан COVID-19 инфекциясын жұқтырған және вирустық пневмониямен ауырған 1965 медицина қызметкеріне өтемақы төленді. Сондай-ақ індеттен қайтыс болған 26 медицина қызметкерінің туыстарына 10 млн теңгеден төлем аударылды.

Жүктелуде...