Ақтөбеліктер Сапарбаевты Астанаға қалай шығарып салды

26 Ақпан, 2019 2191 1

Ондаған ақтөбелік тұрғындар облыстық бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевты астанаға шығарып салу үшін әуежайға келді, - деп хабарлайды newsroom.kz.  

Ақтөбе тұрғындары бұрынғы өңір басшысымен қоштасу үшін әуежайға келді. Олар бұрынғы әкіммен құшақтасып, суретке түсіп, гүл сыйлады. Кейбіреулер қолтаңбасын сұрады, ал ақсақалдар оның иығына шапан жапты. 

Сапарбаевты елордаға шығарып салу үшін мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, жас белсенділер, мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының өкілдері және қарапайым тұрғындар келді. Бердібек Сапарбаевтың құрметіне ақындар оның халық алдындағы еңбегі, игі істері, мұқтаж жандарға көмегі жайлы авторлық әндер орындады. 

"Мен Ақтөбе облысында көп істемедім, бірақ қала мен адамдарына үйреніп қалғанымды мойындау керек. Мені шығарып салуға осынша тұрғын келеді деп күткен жоқпын, барынша тырыстым. Бірақ сіздердің қолдауларыңызсыз ешқандай нәтиже болмас еді. Барлығына үлкен рахмет!"- деді Бердібек Сапарбаев. 

Айта кетейік, Бердібек Cапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Премьер-министр Асқар Мамин облыс активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Дерек көзі : tengrinews

Тегтер: сапарбаев, ақтөбе, әкім, министр

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Айгуль Даурбековна Имангалиева 27 Ақпан, 2019

Бердибек Машбекулв халыкка жакын болмаса оны булай шыгарып салмас еди,ол киси Шыгыстын халкыны да ак батасын алган адам,кай акимди халык осылай шыгарып салды,мен де 40 жыл кызымет истедим, мундай халыктын басшыга деген ыкыласын байкамаппын.Ол кисини жаксы танимын,суга кеткен Шыгыстын еки ауылын жанадан салаган аким,биздин ел -журт али кунге дейин ол кисинин есимин аныз етип айтып отырады,нагыз енбеккор адам.