Эверестке кислородтың көмегінсіз 10 рет шыққан Анг Рита қайтыс болды

Эверестке кислородтың көмегінсіз 10 рет шыққан Анг Рита қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Непалдық тұрғын, әйгілі альпинист Анг Рита Шерпа 72 жасында өмірден өтті. Ол Катмандудағы қызының үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Анг Рита туралы не білеміз? Ол өз ғұмырында кислородтың көмегінсіз 10 мәрте Эверест шыңына шыққан жалғыз адам. Жалпы Эверестке 22 рет көтерілген. 1996 жылдан бастап денсаулығы сыр бергендіктен, Эверестке шығуды тоқтатқан. ⠀ Альпинистің 80-90 жылдары қол жеткізген бұл жетістігін әлі ешкім жаңарта алмады. Осы жетістіктері үшін оған «Қар барысы» деген лақап ат та берілді. 1987 жылдың қысында Анг Рита ерлік жасады. Ол 22 желтоқсан күні Эверест шыңына қысқы жағдайда кислородтың көмегінсіз алғашқы рет көтерілді. Анг Рита 1948 жылы Непалдың шығысындағы Солухумбу аймағындағы Илладжунг атты кішкентай ауылда дүниеге келген. Қазіргі таңда оның екі ұлы мен бір қызы бар.  width=

Жүктелуде...