Лукашенко ресми түрде Беларусьтің президенті болды
Лукашенко ресми түрде Беларусьтің президенті болды
Александр Лукашенко Беларусь президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі мемлекет басшысының Минскідегі ресми резиденциясы - Тәуелсіздік сарайында өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Лукашенко беларусь тілінде ант қабылдады. Содан кейін ол ант қабылдау актісіне қол қойды. Сонымен қатар оған Беларусь Республикасы Президентінің куәлігі тапсырылды.
Ұлықтау рәсіміне жүздеген адам қатысты.