Жаңалықтар

Маңғыстауда талантты егіздер тұрады

Маңғыстауда талантты егіздер тұрады

 width= Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында сурет әлемінің қыр сырын меңгерген егіз қыздар тұрады. Кез келген суретке мінез бере білетін суретші қыздардың көптеген туындылары облыс көлемінде жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде олар Орал қаласындағы жоғарғы оқу орнының бірінші курс студенті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Кішкентайларынан теледидарда көрсетілетін түрлі мультфильм кейіпкерлерін үйдің қабырғасына салатын. Содан үйдің қабырғалары кейіпкерлерге тола бастады. Басында қыздарыма ренжідім. Кейіннен олардың бойындағы таланттарын байқадым. Өйткені, салынған сурет тура мультфильмдегіден айнымайтын. Кейін қыздарымның суретке қабілеттерін мектеп мұғалімдері байқап, әрі қарай шыңдауға күш жұмсады. Әсіресе, мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шынар Жеңісқызы көп еңбектенді»,-дейді қыздардың анасы Жүзбаева Қамажай. Ал, жетекшілері Шынар Жеңісқызының айтуынша, Әлия мен Әсия түрлі жанрда сурет салады. Анимациялық, портрет, шыныға сурет салу, көшірме сурет, тарихи, тұрмыстық бағыттағы суреттерді қағаз бетіне түсіреді. «Әлияға бірде облыстық жарыста жеребе суырғанда өзіне таныс емес комикс жанры түсті. Қазақтың батырларларын аңыз бойынша суреттеп ашу керек. Берілген уақыт ішінде «Керқұла атты Кендебай» ертегісін бір қағаздың бетіне он бес суретпен сомдап шығып, екінші жүлделі орынды иеленді. Осылайша өзіне таныс болмаса да еш қаймықпастан жарысқа қатысқан 15 оқушының ішінен суырылып алға шықты», - дейді ол.  width=