Навальный ауруханадан шықты
Навальный ауруханадан шықты
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Германиядағы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Навальный клиникадан 22 қыркүйекте шықты.
"22 тамыздан бастап Charité-Universitätsmedizin Berlin-де емделген Алексей Навальный ауруханадан шығарылды. Науқастың денсаулығы жақсарды. Алексей Навальный Charite-те 32 күн емделді, оның 24 күнінде реанимацияда жатты", - делінген клиниканың хабарламасында.
Еске салайық, 20 тамызда Алексей Навальный уланып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Оппозиционер Томск қаласынан Мәскеуге ұшып бара жатқан кезде ұшаққа Омбыда шұғыл түрде қонуға тура келген еді.