Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысы әкімі болды

26 Ақпан, 2019 2470 0

Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.   Осыған дейін Шүкеев ауыл шаруашылығы министрі және премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарған. Оның орнына бұрынғы Мәжіліс депутаты Сапархан Омаров тағайындалды.

Бұл қызметте ол Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевты алмастырды. "

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта.  

Өмірзақ Естайұлы Шүкеев 53 жаста. Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау жанындағы АӘК ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері; ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі; ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті Қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ОҚО әкімшілігі басшысының орынбасары. Әр жылдары ҚР Экономика министрі; ҚР Экономика және сауда министрі; ҚР премьер-министрінің орынбасары; "Банк Туран-Әлем" ЖАҚ Басқарма төрағасы болды"; ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 

Түрлі жылдары Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007 жылдың тамыз айында Шүкеев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын (ҰӘҚ) басқарды.




Тегтер: түркістан, әкім, шукеев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.