Жаңалықтар

Президент БҰҰ-ның саяси дебатында сөз сөйлейді

Президент БҰҰ-ның саяси дебатында сөз сөйлейді

 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының саяси дебатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік Ұйымның мерейтойлық іс-шарасы аясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлейді", - деп жазылған Ақорданың Твиттер-парақшасында. Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында Біріккен ұлттар ұйымының 75 жылдығына арналған жоғары деңгейдегі іс-шарада бейнеүндеу жасады. Президент өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ миссиясы мен Жарғысын берік ұстанатынын атап өтіп, еліміз тұрақты, әділетті және өркендеген әлем құру жолындағы ортақ міндетті жүзеге асыруға белсенді атсалысатынын айтты. Біріккен ұлттар ұйымының 75-ші сессиясы Нью-Йоркте "Біз қалаған болашақ, бізге Біріккен ұлттар ұйымы: көпжақтылыққа ұжымдық міндеттемелерімізді растау" ұранымен өтіп жатыр.