Брюссельде «әуеде қалқып тұратын» мейрамхана ашылды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Мұнда ресторан қонақтары жайғасқан үстелді кран 50 метр биіктікке дейін көтереді. Көлденеңінен алғанда үстелдердің арасындағы арақашықтық - үш метрден, ал дастарқан басында отырған адамдар арасындағы қашықтық - бір метрден.
Төтенше жағдайдың алдын алу үшін қонақтарды креслоға жақсылап белбеумен бекітіп қойған. Даяшылар да сақтандыру белбеуімен жұмыс істейді.