Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті
Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті
Данэлия Төлешова АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтіп жатқан America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты әншінің «Alive» әнін шырқады.
«Бұл соншалықты оңай компазияция емес. Дайындыққа уақыт аз қалса да, біз осы әнді таңдадық. Мені қолдап, жылы сөзін аямаған жандардың бәріне алғысым шексіз, бұл мен үшін өте маңызды» дейді орындаушы.Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенконың сөзіне сенсек, енді алдыңғы екі тур секілді мұнда да бір тәулік бойы көрермендер өзі ұнатқан орындаушысына дауыс береді, ал оның нәтижесі ертең жарияланады. Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер. Еске салайық, Данэлия Төлешова шілде айының соңында американдық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау қазір пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Кейін қазақстандық жас әнші америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының финалына өтті. Айта кетер болсақ, Данэлия America’s Got Talent шоу жобасында қазылар алқасын таң қалдырған болатын. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты.