Қытайлыққа тұрмысқа шыққан өзбек қызы елшіліктің көмегімен еліне оралған

26 Ақпан, 2019 2292 0

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан Саида есімді Наманған тумасы күйеуінен жәбір көретінін айтып, елшіліктен Өзбекстанға қайтаруын сұраған.

19 ақпанда келіншек Қытайдағы Өзбекстан елшілігінің көмегімен еліне ұшып кеткен. Өзбек консулы Бабур Яхёевтің сөзінше, Саида қазір үйінде. Осыған дейін Саида өзінің қытайлыққа күйеуге шыққанын жазып, әлеуметтік желі арқылы журналистерден көмек сұраған.

Өзбек келіншегінің айтуынша, күйеуі оны бір апта бойы жуынатын бөлмеге қамап қойған. Саида күйеуінің физикалық ғана емес, сексуалдық зорлық көрсетіп келгенін, оның "секс-ойыншығына" айналғанын баяндаған.

Саида Қытай азаматына отбасындағы экономикалық қиыншылыққа бола тұрмысқа шыққанын мойындайды. Шетелдікке тұрмысқа шығу үшін, неке агенттігінің қызметіне жүгінген екен.

Кейін оған Қытайдағы Өзбекстан елшілігі шығып, қорғауына алған.

Тегтер: елші, өзбекстан, неке, елші, көмек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.