Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесу үшін Вьетнамға ұшып кетті

26 Ақпан, 2019 584 0

АҚШ президенті Дональд Трамп 25 ақпанда Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынмен кездесу үшін Вьетнамға ұшып барған деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Екі елдің басшылары 27-28 ақпанда Ханойда корей ядролық бағдарламаны талқылайды.

Трамп Вашингтоннан шығар алында Твиттерге “денуклеаризациядан кейін Солтүстік Корея экономикалық дамудың генераторы болады. Мұнсыз қалай бар, солай қалады. Төраға Ким дұрыс шешім қабылдайды" деп жазды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 24 ақпанда Fox телеарнасына берген сұқбатында саммитте "маңызды қадам жасалынады" деген үмітін білдірген.

Ким Чен Ын Вьетнамға брондалған пойызбен шықты.

Тегтер: трамп, ақш, президент, ядро

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.