Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Патриоттық сезімім праймеризге қатысуға себепкер болды - Айкерім Есенәлі

Патриоттық сезімім праймеризге қатысуға себепкер болды - Айкерім Есенәлі

Патриоттық сезімім праймеризге қатысуға себепкер болды - Айкерім Есенәлі
ашық дереккөзі
 width= Медиа продюсер, танымал теле-радио жүргізуші Айкерім Есенәлі праймеризге не үшін қатысатынын айтты. Newsroom+Ақпарат агенттігі үміткермен сұхбат жүргізді.  Айкерім, Nur Otan партиясы жариялаған праймеризге қатысатыныңызды хабарладыңыз. Бұл қадамға баруға не себеп болды? Айкерім Есенәлі: Патриоттық сезім. Телеарна, жалпы БАҚ саласына алғаш қадам аттағалы биыл 20 жыл болыпты. Азды көпті тәжірибе жинап, ой түйдім.  Жастар саясаты, әлеуметтік проблемалары, әйел, ана, отбасы мәселелері, түрлі қоғамдық әлеуметтік проблемалар, идеологиялық, мәдениет пен өнердің дамуы секілді тақырыптарды жұмыс тәжірибемнің барысында танып үйрендім, зерттей білдім. Жас болсам да, талай кейіпкердің мәселесін соңғы шешіміне дейін жеткіземіз деп жүріп көпті көрдім. Кейінгі жылдары саяси сұхбаттар,жалпы саяси жобаларда белсендімін.  Бұл тіпті елдегі көбесі сөгілмей тұрған проблемалардың шешімін тауып үйренуге бір қадам жақындатқан сияқты. Бұл күндері елге деген махаббатты білдіре бастасаң, жалған патриотшылдыққа балайтындар көп болып кетті. Бірақ, шыны сол мен елімді жақсы көремін. Ауыл-аймақ, елдегі әр түрлі қалаларға барғанда бәз қалпы, өзіне жарасымды басқаша дәстүрі, өмір салты, әл ауқаты түгел қызықтырады. Әр қайсысының өз ерекшелігіне сай дамуы дамылсыз болу керек  деп ойлаймын. Өткен жылы ҚР Президенті сайлауы алдында партия құрамында ел араладық, әрбір тұрғынмен жеке сөйлесуге мүмкіндік туды. Бизнес өкілі, фермер, көп балалы ана, жас тұрғын, барлығымен. Міне, сол кезде елдің ықыласын, тележүргізуші болып әр түрлі жобада таныған көпшіліктің бізге жастарға сеніммен, үміт арта қарайтынын түсіндім. Екі онжылдығымды елді тыңдаумен, сұхбатқа шақырумен келемін. Билік пен халық арасындағы байланысын орнатуға атсалысып келемін, демек осы жолда жинаған тәжірибені игілікке жұмсайтын сәт жетті.  width= Саяси додадан не күтесіз? Айкерім Есенәлі: Саяси белсенділікті. Ашықтықты. Халықтың түгел елдегі болып жатқан құбылыстарға араласуы демократиялық қоғамды дамыта түспек. Праймериз саяси белсенді жандардың елге құлақ түруіне, оның мәселелерін шешудің өз тәсілдерін ойлауына жол ашады біріншіден. Екіншіден, халық жаңа ел тағдырына бей жай қарамайтын қаһармандармен танысады. Бағдарламаңызда қандай мәселелерді көтересіз? Айкерім Есенәлі: Ақпарат саласының маманы ретінде әрине дұрыс ақпараттандыру мәселесін қолға алғым келеді. Себебі, кейінгі бірнеше жылда жалған ақпарат, эмоционалдық қысымның қаншалықты қауіпті екенін білдік.   Халықпен тиімді кері байланыс орната білу, ашықтық аса қажет. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейтуге қатысты шараларды қолға алар едім. Кино, мультфильмдерің қазақшалануы, қазақ тілінде өнімдердің көбеюі бұл жолда өте маңызды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. ЖООна бастап шағын және орта бизнес саласында бұл мәселе әлі бар. Жемқорлықты тамырынан шабуға біз бүкіл ел болып кірісу керекпіз деп ойлаймын. Шағын және орта бизнеске, әсіресе стартаперлерге қолдау мәселесі.   Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын арттыруға қатысты жобаларға ден қою мақсатта бар. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Ең алдымен көп балалы аналарға қолдау және қоғамдағы тағы бір маңызды тақырып ана мен бала құқықтарының сақталуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйелдер, балалар зорлығы, тұрмыстық зорлық зомбылықққа қатысты проблемалардың шешімін іздеуге күш салу қажет деп ойлаймын. Жастардың саяси қызметке белсенді араласа бастауының себебі неде деп ойлайсыз? Айкерім Есенәлі: Бұл мемлекеттік дамудың келесі бір кезеңіне лайықты көрініс деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің саналы ұрпағы қазір есейіп, етек жеңін жинап елдің ертеңіне алаңдай бастады. Тәуелсіз ел тұрғындарының санасы басқа болады, білесіз. Сондықтан, жас азаматтардың саясатқа ертерек келіп, жаңашылдыққа ертерек ұмтылғаны жақсы деп ойлаймын. Әрине, нені меңзеп отрығаныңызды түсінемін. Қазір, еңбектен қашып бірден былғары орындыққа жүгіретін жастар бар, - дегенді көп естиміз. Мүмкін ондайлар да бар шығар. Бірақ, ол былғары орындықтың жауапкершілігі ауыр. Міндеті көп. Кез келген саладағы нағыз бәсеке, білім бәсекесі сынға түскен кезде мықтылар қалып, әлсіздер мықты болу үшін бәрібір барлығын басынан бастап жатады. Өмір бұны да көрсетті. Сондықтан, ұмтылыстың болғаны өте әдемі көрініс. Бұл мықты жастардың қоғамы өсіп келе жатыр дегеннің белгісі деп білемін. Сіздің бұрыннан қоғамдық өмірге, жастар саясатына немқұрайлы қарамайтыныңызды білеміз. Жастармен жиі кездесесіз. Қазір жастарға не керек? Оларды қандай тақырыптар толғандырады? Айкерім Есенәлі: Сіз білесіз бе, меніңше қазіргі жастар көп толғанбайды (күледі). Әлде мен тек сондай жандармен кездесіп жүрмін бе, әйтеуір іскерлер көп. 15 жастағы жиһаз дайындайтын цехы бар бизнесмен жігітті көрдім. Беске оқиды. Немесе фотостудия ашып алған, ия болмаса, сабақтан тыс уақытта көйлек тігетін шығармашыл жастар бар, бәрі де банкте шотына пәтерге ақша жинап немесе ата – анасының несиесін жауып еңбектеніп жүреді. Көп ортада ізденсем, білсем, көрсем деген қызығушылық көп. Қазақ тілінде жарыққа шыққан әлемдік бестселлерді әлеуметтік желіде көрсетіп қалсаң, таласып алады. Қандай болса да курс, онлайн марафонды ашып қарасаңыз бос орын болмайды, барлығын жастар толтырып алған. Бірін бірі тартып, бірін бірі қызықтырып дамуға бағыт алған. Демек, мемлекеттік идеологияны дамытудың бағытын жастардың сұранысына сай анықтай білу маңызды. Жеңіске жетіп, мәслихат не мәжіліс депутаты болып жатсаңыз, жұмысты ең алдымен неден бастар едіңіз? Айкерім Есенәлі: Әрине, мені мазалайтын сұрақтардың бірі маңызды, екіншісі күте тұрады деп айту қиын. Сондықтан, параллель әдісімен, шешім жодарына қарай қадам-қадаммен іске асыруға кірісер едім. Қазір атқарып жүрген қоғамдық қызметтеріңіз жайлы айтып берсеңіз. Сәттілік тілейміз! Айкерім Есенәлі:  Осы күндері өзімнің жеке «YouTube» арнама «Педофолиядан қалай сақтанамыз»- деген тақырыпта материал әзірлеп жатырмын. Себебі, өзім анамын. Қызым өсіп келеді, іні-сіңлілерім бар. Ал бұл проблема қоғамның жарасына айналып кеткен. Маған ең бірінші баланы сақтандырып үйрету, өзгелерге осы жолда көмектесу мәселесі маңызды болды. соңғы бірнеше оқиғадан кейін әр түрлі мамандардан осы тақырыпқа қатысты инсайд, пікірлер жинадым, енді соны көрерменге ұсынамын. Одан бөлек дәл сол арнамда  жастар арасында ерекше танымал форматтарда қазақтың ертегілері, аңыздары, дәстүр, жоралғылары туралы баяндайтын жобам бар. Оған қызығушылық тіпті жоғары. Партия жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әр түрлі өзекті тақырыптардың шешіміне қатысты өз ұсыныстарымды қосамын. Жастармен кездесу, пікірталастар жиі өткізіп тұрамыз. Журналист ретіндегі телеарнадағы, радиодағы жұмыстарды да қатар алып жүруге тырысамын. Праймериз жобасына қатысушы жастарды бір шолып шығып, көзім қуанды. Себебі, жалындап тұрған бастамашыл жандарға қарап, амбициясын дұрыс бағытта қолдана алатындар көп екен ғой деген ой келді. Баршаға сәттілік тілеймін.