Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жаңа елшісі тағайындалды

26 Ақпан, 2019 2074 0

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жаңа елшісі тағайындалды. Бұл туралы newsroom.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды,- делінген хабарламада.

Осыған дейін аталған қызметті Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф атқарған болатын.

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды, - деп жазылған мемлекет басшысының сайтында.

Тегтер: елші, жаңақызмет, БАӘ, жарлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.