«Роликтің компьютер арқылы жасалғанына қарамастан, оның саяси салмағы басым» дейді сарапшылар.Сарапшылар соңғы уақытта Қытайдың дәл осындай сценарийге дайын екенін айтты. Бейжің Вашингтонмен қақтығыс туындаса бомбалаушы ұшақтармен бірге зымырандарды да қолданатынын айтқан болатын. https://www.youtube.com/watch?v=-XRWXmTl9gw
«Бүгінгі таңда Қытай ұшақтары АҚШ қарулы күштерінің алдында дәрменсіз. Өйткені радарға түсіп қалады. Алайда соған қарамастан Бейжің АҚШ-тың ең ірі әскери базаларының бірі «Андерсенді» жойып жіберуі әбден мүмкін», - дейді батыстық сарапшылар.Гуам аралында АҚШ-тың екі әскери базасы орналасқан. Олар «Андерсен» әуе қарулы күштерінің базасы және «Апра-Харбор» теңіз күштерінің базасы. Екі базада 7 мың сарбаз бар. Бұл базалар АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы басымдығының кепілі болып отыр.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ