Балалар телеарнасында дау туды: ересектер шешініп, денелерін сипаттайды

Балалар телеарнасында дау туды: ересектер шешініп, денелерін сипаттайды

ашық дереккөзі

 width= Дания мемлекетінде ересектер балалардың көзінше шешініп, дене сипаттарын талқылайтын арнайы телебағдарлама пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ең сорақасы "Ультра шешіну" атты бағдарлама балалар телеарнасында көрсетіледі. Сахнада 11-14 жастағы балалардың алдында бірнеше ересек адамдар шешінеді, ал балалар оларға сұрақтар қояды. Ондағы барлық ересектер физикалық тұрғыдан бір-біріне ұқсамайды - кейбіреулері артық салмақты, біреуінің татуировкасы бар. Бұл бағдарлама Дания мемлекетінде үлкен дау туғызды. Саясаткерлер, қоғам белсенділері балаларға бұндайды көрсету әлі ерте екенін айтса, басым көпшілігі қолдауда. Олардың ойынша, балалар 11 жастан бастап өз кемшіліктерімен танысып, ешқандай өзгеріс жасалмаған дене бітімді көру керек деп топшалайды.

Жүктелуде...