Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі 500 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

"Ақпараттық жүйе құру үшін бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаражатты талан-таражға салу күдігіне ілінген бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Сот санкциясымен ол тұтқынға алынды, тергеу жалғасып жатыр".Олжас Әбішев 2018 жылдан бері министрлікте цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздікке жауап берген. Осы қызметін теріс пиғылда пайдаланыпты. Жұмыс істемейтін ақпараттық жүйені «істейді» деп қабылдаған. Сөйтіп, еш сескенбестен қасақана 500 миллион теңгені өзгенің есеп-шотына аударып жіберген. Тағы бір мәлімет күдікті бұл әрекетіне пандемияға дейін, яғни ескі басшылық кезінде барған. Брифингте Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік филармония, яғни бұрынғы Конгресс-Холлдың директорына қатысты тың деректер айтылды. Ол құрған қылмыстық топ қазына қаржысына аямай салыпты. Жанат ЭЛИМАНОВ,
"Елорда сотында Мемлекеттік академиялық филармонияның, яғни бұрынғы Конгресс-Холлдың экс-директоры Сәкен Әбдірахмановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол өзінің бағынышты қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ ұйымдастырған. Олар 1,8 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлаған".Бұған дейін мемлекеттік филармонияның басшылығы 2012 жылдан бері миллиардтаған соманы екі жолмен жымқырғаны анықталған еді. Біріншісінде, мамандар ресми түрде жұмыс істемеген 140 адамның жалақысын жылдар бойы қалталарына басып отырған. Бірақ оны аз көрген кезде, концерттер мен филармонияда жалға берілген нысандардан түскен соманы қолды еткен. Қордаланған қаржыға мекемедегілер мен олардың туыстары шетел аралаған.