Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Құс өлексесі шашылып жатыр: тұрғындар құс тұмауының таралмауына күдікті

Құс өлексесі шашылып жатыр: тұрғындар құс тұмауының таралмауына күдікті

Құс өлексесі шашылып жатыр: тұрғындар құс тұмауының таралмауына күдікті
ашық дереккөзі
 width= Павлодар қаласының іргесінде орналасқан Кенжекөл ауылында құстардың өлексесі шашылып жатыр. Тұрғындар ауыл шетінен 20-ға тарта өлексені тапқан, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап. Геннадий СТЕБЛЮКОВ, Кенжекөл ауылының тұрғыны:
"Өлген құстар жолдың бойында шашылып жатыр. Иттер тауықтарды ауылға дейін сүйреп әкеліп жүр. Мынандай шашылып жатқан өлекседен ауру тарайды ма деп қорқамыз. Неден қырылып қалғанын да білмейміз".
Ветеринарлар өлекселерді жүк көліктеріне тиеу барысында, құстар тұншығып өлген болуы мүмкін деген болжам айтты. Өлекселерден құс тұмауы белгілері табылмаған. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ деді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайтынын айтады. Өйткені аталған дерттің ошағы Железин және Тереңкөл аудандарында табылыпты. Мұнда 2 мыңнан астам құс қырылған. Қазір елді-мекендерде карантиндік шектеулер енгізілген. Сақтық үшін ондағы барлық құстардың көзі жойылып, иелеріне өтемақы төленбек. Рашид НҰРБЕКОВ, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облысының аумақтық инспекцияның басшысы:
"Құс тұмауын бізге жабайы құстар әкелгені анық. Солар арқылы ауру үй құстарына жұққан. Қазір аурудың алдын алу үшін вакциналау жұмыстарын  жүргізіп жатырмыз".