ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды

25 Ақпан, 2019 1859 0

Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын жария етті, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Сондай-ақ осы Жарлықпен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.    

Дерек көзі: ҚазАқпарат




Тегтер: жаңаминистрлік, жарлық, басқару

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.