Чарльз Чаплин жасөспірім қыздарға үйленіп 11 бала сүйген
Чарльз Чаплин жасөспірім қыздарға үйленіп 11 бала сүйген
Чарльз Спенсер Чаплин 1889 жылдың 16 сәуірінде эстрада актерлерінің отбасында дүниеге келген. Ол Англияның әйгілі киноактері, кинорежиссері, сценарийшісі, композиторы әрі продюсері. Бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы жігіт болған.
Дыбыссыз киноның жарқын жұлдызы Чарли скрипка мен фортепианода керемет ойнай білген. Сондай-ақ киноларында тек қана авторлық әндерін ғана пайдаланған. Бүгін ХХ ғасырдың ең әйгілі актерінің туған күніне орай, жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпекпіз.
Балалық шағы кедейлікте өткен, болашақ актер, барлық жетістіктеріне өз күшімен жеткен. Оның кішкене мұрты бар, хкең балақты шалбар киген, домбалдай аяқ киімді қаңғыбастың рөлі кедей жігітті бай әрі танымал етеді. 26 жыл бойы 70 шақты киносында дәл сол қаңғыбастың рөлін сомдаған.
Жас кезіндегі көрген қиындықтары өз алдына, жар таңдауда жолы болмаған актер шын бақытын 54 жасында ғана тапқан екен.
Ол 19 жасында алғаш отбасын құрған. Демек таңдаған жары өзінен кішкентай болғандығы анық. Ұзаққа созылмаған алғашқы некесінен Сидней есімді ұлы қалады.
Екінші рет 14 жасар балерина Милдред Харриске үйленеді. Бұл кезде актер 28 жаста болған. Үш жыл отбасылық өмірінде жары сәбилі болып үлгереді. Алайда үш күннен соң шетінеп кетеді.
Атақ даңқы жер жарған актердың махаббатта жолы болмайды. Жұмыс барысында 12 жасар Лита Грейге әкелік қамқорлық танытып жүреді. Көз алдында бой жеткен аруға ғашық болады. Осылайша сүйіктісі 15 жасқа толар-толмастан үйленуге бел буады. Бұл кезде жүкті болып үлгерген Литамен некелесуі Мексикада өтуіне тура келеді. Мақсаты онсызда жеке өмірін аңдыған басылымдардан жырақта болу. Лита Грей Чарлиге екі ұл сыйлайды. Бірақ күйеуінің көзіне шөп салғанына шыдай алмаған жары ажырасуға бел буады.
Актриса Поллет Годдармен ұзақ уақыт бірге өмір сүрген екеуі айырылысқан соң, жасырын некелескенін жариялаған. Осылайша өмірлік жар таңдауда жолы болмаған актер бойдақтыққа бет бұрады.
Тек қана Уна О'Нилге деген сезімі түбегейлі ойын өзгертеді. Американдық драматург және Нобель сыйлығының иегері Юджин О'Нилдің қызы 18 жаста болатын. 54 жастағы Чарли мен Уна шаңырақ көтеріп, танымал актер шынайы махаббатын кезіктіреді. Уна актердің тек жары ғана емес, досы әрі барлық жағдайда көмек қолын созатын қамқоршысы да бола білді. Ол Чарлиге сегіз бала – бес қыз, үш ұл сыйлайды. Жұбайы кенжесін өмірге әкелгенде актер 72 жаста болған. Осылайша екеуі 34 жыл бақытты ғұмыр кешкен. Чарльз Спенсер Чаплин 1977 жылы 25 желтоқсан күні 88 жасқа қараған шағында дүние салды.
Бүгінде атақты актердің ісін жалғастырып келе жатқан ұрпақтары, киноиндустрияны дамытуға үлкен үлес қосып келеді.