Алматы облысы Іле ауданы аумағында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары атқарған жедел іс-шарасы кезінде, 2020 жылдың 20 қыркүйегінде, шамамен сағат 13:20 да, Іле ауданы «Күрті» аңшылық шаруашылығы маңында, Тойота Лэнд Крузер маркілі автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізушісі Алматы қаласының азаматы.
Сонымен қатар көлікте, 2 (екі) қарабауыр бұлдырық денесі және МР-153 қаруы анықталды.
Оқиға орнына Іле аудандық полиция қызметкерлері шақырылды, қазіргі таңда материалдар қылмыстық іс қозғау мақсатымен берілуде.