Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде шикі ет жеген баланың видеосы талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде шикі ет жеген баланың видеосы талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде шикі ет жеген баланың видеосы талқыланып жатыр
ашық дереккөзі
 width= Қазнет қолданушылары шикі ет жеген баланың видеосын талқылап жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видео Kozachkov offside Telegram каналында пайда болды. "Ата-ана құқығынан айыру керек пе немесе патриотизм үшін пәтер беру керек пе?" деп сұрақ қояды видео авторы. Сондай-ақ жарияланған видеода әйел адамның күлгені естіледі. Желіде бұл видео кеңінен талқыланып жатыр. Педиатр-дәрігер Мария Головенко осы видеоға қатысты пікір білдірді. Ол шикі ет жеу баланың ағзасына өте қауіпті екенін айтады. "Біріншіден, шикі етті термиялық өңдеуден өткен өнімдерден гөрі сіңіру әлдеқайда қиын. Бала асқазанында тұз қышқылының шығуы төмендейді де балада гастрит пайда болады. Екінші мәселе мұның қауіптілігінде. Шикі ет, өкінішке қарай, біздің елімізде көптеген аурулардың, гельминтикалық және жұқпалы аурулардың көзі болып саналады. Яғни, бруцеллез, туберкулез, сальмонеллез немесе эхинококкоз, альвеококкоз - бұл ең қауіпті аурулардың бірі. Әзілдейтін нәрсе емес. Бұл іс жүзінде баланы мазақ ету", - деді дәрігер.