Алматыда 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

Алматыда 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

ашық дереккөзі

 width= Маңғыстау облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды. Ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған. Қызды Мұнайлы ауданы полициясының қызметкерлері іздеп тапты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, ол 2011 жылы үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған. Ол кезде жасы 16-да болыпты. "Қанша уақыт өтсе де, іс жабылмайды. Жоғалғандарды іздеу жұмысы ештеңеге қарамастан жалғаса береді. Кейде із-түссіз кеткендерді 12, тіпті 15 жылдан кейін табатын кездер болады. Міне, бұл қыз да енді табылып отыр,  ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған", - деді полициядан. Қыз Алматы қаласынан табылды. "Тексеріс барысында анықталғандай, ол мектеп емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне баруға ұялған. Сөйтіп, мүлде басқа қалаға кетіп қалуға бел байлаған", - деді полициядағылар. Қазір ол ата-анасымен бірге үйінде.

Жүктелуде...