Ботаникалық бақта ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтті

25 Ақпан, 2019 695 0

Әсерлі қойылымға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан сияқты елдердің «жауынгерлері» қатысты, деп Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап, newsroom.kz  тілшісі хабарлайды. 

Демалыс күндері елорданың Ботаникалық бағында тарихи ортағасырлық шайқастан бұқаралық жекпе-жектер өтті. Бағдарламада қамал жиындар, көрсетілімдік жекпе-жектер, қар бекініске шабуыл жасау, сондай-ақ фотосессия болды. Жұмсақ қарумен айқасу шарасына азаматтар өз қалауымен қатыса алды. 

«Шара мақсаты – өткенге саяхат жасау арқылы тарихи шайқастарды, бейбіт өмірге қол жеткізудің бағасын көрсету. Біз жастарды өз елінің тарихын ғана емес, өзге мемлекеттердің де тарихын оқуға, зерттеуге шақырғымыз келеді. Біз осы шараны насихаттап, оны тұрақты түрде өткізуді қалаймыз», – деді Есіл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Омаров. 

Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың аясында Есіл ауданы әкімінің аппараты мен «Temirtumen» клубы ұйымдастырды. 



Тегтер: қойылым, шара, астана, жауынгерлік, шайқас

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.