Президент пен сатушы арасындағы диалог
Президент пен сатушы арасындағы диалог
Моңғолдың Президенті Баттулга азаматтармен кездесу барысында ет сататын базарға кіреді. Сондағы диалог дейді.
— Жақсы ет екен. Бизнесіңіз жақсы ма?
— Бүгінгі күннен басқа күндері жақсы болатын. Бүгін 1 кг ет сата алмадым.
— Неге?
— Сіз келеді деп, тұрғындарды осында кіргізбеді.
— Онда мен сізден 4 кг ет сатып алайын.
— Сатпаймын.
— Неге?
— Сіз келеді деп пышақтарды жинап алды.
— Пышақ жоқ болса толығымен алайын.
— Жоқ. Кешіріңіз сата алмаймын.
— Тағы неге?
— Неге десеңіз етті килосы 6000 төгрөгпен сататынбыз. Сіз келеді деп еттің килосын 3000 төгрөг болдырды. Енді сізге сатсам 3000 төгрөгтің қарызына кіріп кетемғой?!
— Онда мен еттің килосын 6000 төгрөг өз бағаңызбен алайын?
— Кешіріңіз, мен негізі сатушы емес едім... Күзет қызметкерімін.
— Не дейсің? Бастығыңды шақыр?
— Бастық анда көкеніс сатып тұр еді деп айтады дейді.
Моңғол тілінен аударылды.