Президент пен сатушы арасындағы диалог

Президент пен сатушы арасындағы диалог

ашық дереккөзі

 width= Моңғолдың Президенті Баттулга азаматтармен кездесу барысында ет сататын базарға кіреді. Сондағы диалог дейді. — Жақсы ет екен. Бизнесіңіз жақсы ма? — Бүгінгі күннен басқа күндері жақсы болатын. Бүгін 1 кг ет сата алмадым. — Неге? — Сіз келеді деп, тұрғындарды осында кіргізбеді. — Онда мен сізден 4 кг ет сатып алайын. — Сатпаймын. — Неге? — Сіз келеді деп пышақтарды жинап алды. — Пышақ жоқ болса толығымен алайын. — Жоқ. Кешіріңіз сата алмаймын. — Тағы неге? — Неге десеңіз етті килосы 6000 төгрөгпен сататынбыз. Сіз келеді деп еттің килосын 3000 төгрөг болдырды. Енді сізге сатсам 3000 төгрөгтің қарызына кіріп кетемғой?! — Онда мен еттің килосын 6000 төгрөг өз бағаңызбен алайын? — Кешіріңіз, мен негізі сатушы емес едім... Күзет қызметкерімін. — Не дейсің? Бастығыңды шақыр? — Бастық анда көкеніс сатып тұр еді деп айтады дейді. Моңғол тілінен аударылды.

Жүктелуде...