«Астана» велошабандозы Испания көпкүндігінде жеңіске жетті

25 Ақпан, 2019 2049 0

«Астана» командасының велошабандозы Якоб Фульсанг Испанияда өткен «Вуэльта Андалусии» көпкүндік жарысында жеңіске жетті. Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

«Астана» командасы үшін апта сәтті аяқталды. «Вуэльта Андалусии» жоғары санаттағы көпкүндік жарысында екі мәрте жеңіске жеттік. Якоб Фульсанг қорытынды классификацияда бірінші болды, екінші орын Йон Исагирреге бұйырды. Сондай-ақ Пельо Бильбао жалпы сынақта 4-інші келді. Ал «Астана» жарыстың жалпыкомандалық классификациясында жеңіс тұғырынан көрінді», - деп жазылған сайтта. 

«Жеңіске жеткенім үшін өте қуаныштымын. Жалпы сынақта 6-ыншы мәрте жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Жылды жақсы даярлықпен бастадым және осы апта бойы өзімді керемет сезіндім. Дегенмен, бұл, командалық жетістік, команданың жеңісі екенін айтқым келеді», - деді Якоб Фульсанг. 

«Вуэльта Андалусии 2019» соңғы - бесінші кезеңмен аяқталды. Оның ұзақтығы 163,9 шақырымды құрады. 

Дерек көзі : ҚазАқпарат   


Тегтер: астана, велокоманда, жарыс, старт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.