weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Петропавлда алаяқтар бір адамның атынан 25 несие алған

Петропавлда алаяқтар бір адамның атынан 25 несие алған

Петропавлда алаяқтар бір адамның атынан 25 несие алған
ашық дереккөзі
 width= Петропавлда «Хабардар болсаң - сақ боласың» атты интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара аясында Петропавл тұрғындарына профилактикалық жадынамалар мен брошюралар таратылды. Интернет-алаяқтықтың жолдары айтылы. Криминалдық полиция қызметкерлері өткізген акцияға «Қамқор» клубының еріктілері қосылды. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жедел уәкілдермен бірге халық көп шоғырланған сауда үйлерін аралады. «Біздің мақсатымыз – халықты ескерту, өйткені соңғы кезде интернет-алаяқтың түр-түрі шығып жатыр. Біздің ескертпеміз тұрғындарға алаяқтардан қорғануға көмектеседі деп үміттенеміз. Біздің түсініктемелеріміз осындай қылмыстардың санын азайтса деген тілек бар. «Хабардар болсаң – сақ боласың» деп бекерге айтпайды ғой», - дейді волонтер Даниал Исаев. Осы жылдың басынан бері 270-тен астам солтүстік қазақстандық түрлі онлайн-ресурстар арқылы алаяқтардан зардап шекті. «Әлеуметтік желілерде күмән туғызатын кез келген жағдайға келіспеген жөн, тауарларды сатып алу-сату кезінде алдын-ала төлемдерден бас тарту қажет, банк картасының нөмірлерін, ПИН-кодтарды, сондай-ақ ұялы телефонға түскен парольдерді ешкімге айтпау керек. Бұл мессенджерлер және басқа электрондық ресурстар арқылы Интернеттегі алаяқтық іс-әрекеттен қорғай алатын алғашқы ережелер», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. Осы аптада Петропавл қаласының тұрғыны полицияға жүгінді, ол өзінің 4 миллион теңге көлемінде 25 шағын несиесі бар екенін білген. Қазір мән-жай анықталып жатыр.