weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құс тұмауына байланысты еліміздің тағы бір облысында карантин енгізілді

Құс тұмауына байланысты еліміздің тағы бір облысында карантин енгізілді

Құс тұмауына байланысты еліміздің тағы бір облысында карантин енгізілді
ашық дереккөзі
 width= Ақмола облысының Шойындыкөл ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізіледі. Ауыл әкімінің тиісті шешімі "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "Жарқайың ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі ұсынысы негізінде, Шойындыкөл ауылының әкімі шешім қабылдады: жоғарыпатогенді құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылы аумағында карантин белгіленсін", - делінген құжатта. Құжат 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Құс тұмауы алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген еді. Осыған байланысты өңірдегі жеті ауданда он ауыл карантинге жабылды. Елдің солтүстігінде тек үй құстары ғана емес, жабайы құстар да өлген болатын.