5 минут уақыты жоқ денсаулық министрі блогерлермен ғана кездесе ме?

5 минут уақыты жоқ денсаулық министрі блогерлермен ғана кездесе ме?

ашық дереккөзі

 width= Әлемде пандемия басталғалы елімізде Денсаулық сақтау министрлігі ауысып, Біртановтың орнына Цой келген болатын. Әлеуметтік желіде ғана емес, БАҚ бетінде де журналистердің сұрақтарына толық жауап бермейтін министр жақында ғана өзінің толық командасын жасақтап, шетінен вице-министр тағайындап біткен-ді. Журналистердің сұрағына жауап беруден гөрі блогерлермен кездесіп, кафеде "сырласқанды" жөн көрген Денсаулық сақтау министрінің суреті әлеуметтік желіні шарлап кетті. Суретте отырғандардың дені еліміздегі орыс тілінде сөйлейтін қазақстандықтарға кеңінен танымал блогерлер. Арасында Бибігүл Дәулетбек те отыр. Цойдың блогерлермен отырған суреті әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсіп жатыр. Бұл туралы журналистер де өздерінің жеке парақшаларында түрлі жазба қалдыра бастады. Мәселен журналист Аян Қалмұраттың жазбасы. Бағдат Асылбектің де жазбасын ұсынып отырмыз. Бұл суретке байланысты Денсаулық сақтау министрлігі немесе министрлік өкілдері жауап беруге және пікір білдіруге дайын болса, біз ақпаратты бөлісуге дайынбыз. 

Жүктелуде...