Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Үй маңындағы көлік тұрақтары ақылы болуы мүмкін

Үй маңындағы көлік тұрақтары ақылы болуы мүмкін

Үй маңындағы көлік тұрақтары ақылы болуы мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Елордалықтар енді темір тұлпарларын қалаған жерге тастап кете алмайды. Тіпті өз ауласына да. Себебі астанадағы көпқабатты үйлердің маңы енді ақылы автотұраққа айналуы мүмкін. Қаулы әлі күшіне енген жоқ. Алайда арнайы бегілері орнатылып қойыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Қахарман» тұрғын үй кешенінде 600-дің үстінде пәтер бар. Бір үйде жоқ дегенде бір көліктен деп есептесек қандай шығынға алып келерін бағамдай беріңіз. «Өз ауламызды өзімізге билетпедіңдер!» деп шағымданған олар пандемия кезіндегі әкімдіктің әрекетін ақылға қонымсыз деп отыр. Көлік тұрағы маңындағы көк тақтайша тұрғындардың көзіне оттай басылғалы қашан?! Алайда, әкімдік тарапынан ресми хабарлама келмеген соң, ешкім аса мән бермегенге ұқсайды. Ақылы тұрақты тек сауда орталықтарынан байқап жүрген елордалықтар өз ауласы қалайша өзгенің меншігіне өтіп кеткенін түсінбей дал. Дина, қала тұрғыны: «Менің үйімде например 3 машина бар. Мына знактар 1-1,5 ай тұр бізде. Өткен аптада мына қара пленканы шешті. Таныстар айтып жатыр, қара пленканы шешкен кезде. Уже платный парковка жұмыс істеп жатыр. Бір күнде мен тұрсам, 12 сағат 1200 болады. Менің бір машинам». Аталған көпқабатты тұрғын үй алдындағы автотұрақ құрылысы орта жолда қалған. Тіпті жобаның қай уақытта басталғаны тұрғындардың есінде жоқ. Індетке байланысты онсыз да «шықпа жаным, шықпа!» деп шырқырап отырған көпшілік, "бұл тосын жаңалық «жығылғанға жұдырық» болды", - дейді. Айкүміс  Сүйіндікова, қала тұрғыны:  «Әкімдіктен ешкім келген жоқ. Түсіндірген жоқ. Бізді шақырған жоқ. Ешқандай жауап болған жоқ. Есіктің алдында паркинг жоқ. Парковка жоқ. Ақылы тұрақ белгілері орнатылып жатқанымен әлі іске қосылмапты. Әкімдік өкілі осылай дейді. Бірақ бұл жұмыстардың дайындық шаралары екенін жасырған жоқ. Руслан Абдуалиев, қалалық жол-көлік басқармасының бөлім басшысы:  «Ашылуы жоспарланып отырған жоқ, өйткені... жоспар жоспар, жоспарланған... Руслан Абдуалиев, қалалық жол-көлік басқармасының бөлім басшысы:  «Ақылы енгізу қаулысы әлі күшіне енген жоқ. Сондықтан ол қаулы шықпай, ол орындардың барлығы ақылы болмайды. Жол белгілері мен паркоматтар орнатылып жатқаны рас. Әкімшілік атынан бүгінгі күні жеке әріптеске хаттар жолданып, жол белгілері мен паркоматтарды жауып қоюға хабарлама жіберілді. Ол автотұрақтар орналасытырып жатқанымен, жұмыс істеп жатқан жоқ». https://www.youtube.com/watch?v=AHYZTrzA_ZU Жұмыс істеп жатқаны тек Нұржол желекжолындағы 487 автокөлік орны. Басқасы әзірге тегін. Маманның сөзінше, көлік қоятын жерлерді сату, жол қозғалысының реттелуіне септігін тигізеді екен. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттырады-мыс. Ал тұрғындар: "қалтамызды қаққаннан басқа пайдасын көрмей тұрмыз" дейді. Ауладағы паркоматтар ертелі-кеш іске қосылса, көліктерін сатуға мәжбүр болмақ.