Жаңалықтар

Балаларға жұмыс істетіп, ақшасын бермейді (видео)

Балаларға жұмыс істетіп, ақшасын бермейді (видео)

 width= Мектеп жасындағы оқушылар қосымша жұмыс істеп, нәпақа тауып жүр. Кейбірі табысқа кенеліп, отбасына қолғабыс болу үшін оқуын да ысырып тастайды екен. Әсіресе, жағдайы төмен жанұяның ұл-қыздары қара жұмысқа үйір. Ең өкініштісі, нәпақа табамын деп алданып жатқан жасөспірімдер де бар. Балалардың еңбегін еш кетіргендерге жаза бар ма? Маңдай тері үшін соқыр тиын да алмаған жандар жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.  Нұрбек Чотанов оқушы: "4 первых дня мы работали на крыше, после этого мы работали внизу. Как бы нам за 4 дня должны 20 тысяч". Бұл жазғы демалыста құрылыс компаниясында жұмыс істеп, еңбекақысын ала алмай жүрген балалар. 15 жасөспірім құр жүрмей ата-аналарына көмектесу үшін жекеменшік құрылыс компаниясында еңбек шартын жасамай жұмыс істеген. Басында таңғы ас беріп жүрген жұмыс берушілер, кейінірек тіпті еңбекақыларын төлеуден бас тартқан. Нұрбек Чотанов оқушы: - Они говорят завтра, завтра, завтраками кормили нас. Они время просто тянут. Тек бір ай уақыт өткен соң ғана Қостанай облыстық құрылыс басқармасының араласуымен жасөспірімдерге ақшаларын қайтарып беріпті. Бүгінде оқушылардың нәпақа тауып жүргені таңсық жағдай емес. Оған елордалық базарларға барғанда тағы көз жеткіздік. Мәселен, сабақ уақытысында сауда жасап тұрған мына қыз 9-сыныптың оқушысы екен. - Сіздің есіміңіз кім? - Айдана. - Оқушысыз ба? Қай сыныпта оқисыз? - 9-ға өттім. - Қазір сабақ жоқ па? - Бар, бірақ онлайн. - Онлайнға кіріп оқымайсыз ба не? - Сабақ 11-жарымда бітеді ғой. Сабақты бітіріп келемін". Мына жағдай Алматы қаласында болған. 24 жасөспірім көшенің ортасында автокөліктердің фарасын жуып жүріп ұсталыпты. Жасы кіші балалармен және олардың ата-анасымен алдағы уақытта мұндай әрекетке бармау туралы әңгіме жүргізілген. Талапқа бағынбаса  әкімшілік жауапқа тартылмақ. Ал, білім саласында 13 жылдық тәжірибесі бар ұстаз өз тәжірибепсінде оқып жүріп жұмыс істеген балаларды көрмегенін айтады. Балжан Дәулетқұлова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: "Біз ол жағынан көптеген сынып сағатын өтеміз. Ата-аналармен жиналыстар өтеміз. Ол мәселе ата-анамен, мұғаліммен талқыланады. Сол себепті балаға бірінші кезекте оқу мәселесі, бірінші кезекте тұрады деп ойлаймын. Сол себепті ата-ана жауапты. Ата-ана жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймын. Кез келген қосымша жұмыс, тіпті кез келген қосымша нәрсе сабағына әсер етеді". Мұны шарасыздықтың күйі десек те, қандай жағдай болмасын әр ата-ана балаларының білім алуына жағдай жасауға міндетті, дейді қоғам белсендісі. Ерсейіт Әлім, қоғам белсендісі: "Жалпы, баланың біз бірінші білім алуына жағдай жасауымыз керек. Өйткені, біз келешегімізге осы бір келешегімізге ақшамыз болатын болса, әрине қаражат болатын болса. Мына біздің келешек ұрпағымыз капиталымыз ғой. Енді әртүрлі отбасы бар. Әрбір отбасының әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Бірақ, дейтұрғанымен баланы білім алу жолынан тоспау керек". Заң бойынша кәмелет жасқа толмағандар жұмыс істей алады. Бірақ, белгілі бір шарттармен ғана. Егер де жұмыс берушінің тарапынан заң бұзушылықтар орын алса, оны 5 жыл бас бостандығынан айыруы мүмкін. Сонымен қатар қосымша жұмыс істеу оқушының білім алуына кедергі келтірмеуі керек, дейді заңгер. Төлеген Болтанов, заңгер: "Еңбек заңнамасына сәйкес, бізде белгілі жағдайларға байланысты 16 жастан бастап еңбек шартын жасасуға болады. Сонымен қатар бала 14 жасынан бастап еңбек келісім-шартын жасай алады. Бірақ, мұндай жағдайда олар ата-аналарының, қамқоршыларының қатысуымен жүзеге асуы керек". https://www.youtube.com/watch?v=eSiI3D4ppvI Жасөспірімдердің жұмыс істеп, табыс табуы ата-аналарына сын. Өйткені, олар бірінші кезекте балаларының қауіпсіздігін ойлағаны абзал. Егер мектеп жасындағы жеткіншектерге жұмыс істеткізетін болса, ең алдымен еңбек шартын жасауды ойлау керек. Сол кезде ешқандай мәселе туындамайды, дейді мамандар. Фото: Владимир МОТОРИКО