Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді

Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді

Есеп комитеті білім және ғылым министрлігін тексереді
ашық дереккөзі
 width= Тексеріс барысында министрліктің Дүниежүзілік банктен алған 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарызды қаншалықты мақсатқа сай жұмсағаны зерделенеді, деп хабарлайды Newsoom+Ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап.  2021 жылы есеп комитеті "Орта білім беруді модернизациялау" жобасын қаржыландыру мақсатында Дүниежүзілік банктен алған 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарыздың мақсатқа сай жұмсалуын тексереді. Бұл туралы есеп комитетінің депутаттық сауалға берілген ресми жауабында хабарланған. 10 қыркүйекте бір топ мәжіліс депутаты білім саласын цифрландыру мен мектеп оқушыларын қашықтан оқытудың түйткілді мәселелерін көтерді. Осы ретте депутаттар Дүниежүзілік банктен алынған 67 миллион доллар қарыздың қалай жұмсалып жатқанын білгісі келді. Мәжілісмендердің сауалына жауап берген есеп комитеті келесі жылы Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.
"Есеп комитеті Дүниежүзілік банктің "Орта білім беруді модернизациялау" жобасын қаржыландыруға бөлген 67 миллион доллар мөлшеріндегі қарызды қалай жұмсалғаны туралы аудитті 2021 жылға белгіленген мемлекеттік аудит нысандарының тізбесін қалыптастыру кезінде ескереді", - делінген комитеттің депутаттарға берілген жауабында.
Сонымен қатар, парламентарийлер білім беру жүйесіне 2016 жылдан бері республикалық бюджеттен бөлінген 27,2 миллиард теңге (64,7 миллион доллар) мөлшеріндегі трансферттердің мақсатты түрде пайдаланылуын тексеру қажеттігін айтты. Есеп комитеті биылғы жылы республикалық бюджеттен өңірлерге берілген трансферттерді, оның ішінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген қаржыны жоспарлау мен пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу көзделіп отырғанын хабарлады.
"27,2 миллиард теңге мөлшеріндегі қаражат осы аудиторлық іс-шара шеңберінде тексеріледі", - делінген есеп комитетінің жауабында.
Тексеріс нәтижесі есеп комитетінің 2020 жылдың IV тоқсанындағы жұмысының қорытындысы туралы ақпаратпен бірге парламентке жіберіледі.