Рактың дамуын тежейтін көкөністер анықталды

24 Ақпан, 2019 1101 0

Онкологиялық аурулардың ең көп таралған түрі, тоқ ішекте пайда болатын рактың дамуын тежейтін көкөністер анықталды. Бұл туралы newsroom.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Қытайлық дәрігерлердің мәліметінше, сарымсақ, пияз және порей пиязын жеу арқылы адам колоректалды рактың дамуын тежей алады. Бұл туралы клиникалық онкологияның Азиаттық-Тынық мұхиттық журналында айтылған.

Ғалымдар 833 сау адамның және колоректалды рак ауруына шалдыққан 833 науқастың көрсеткіштерін салыстырды. Зерттеу барысында олардың жас аралығы, жынысы, тұрған үйлері назарға алынды. Сарымсақ пен пиязды жиі жеген адамдарда колоректалды ракқа шалдығу мүмкіндігі аталған көкөністерді жемейтін адамдармен салыстырғанда 79 пайызға төмен екен.

Мамандардың сөзінше, сарымсақ пен пиязда, порей пиязында тоқ ішекте қатерлі ісіктің пайда болуын тежейтін құрамалар бар. 

Дерек көзі : stan.kz

Тегтер: дәрігер, рак, ауру, ем, қытай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.