weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыдан Елордаға көлікпен 10 сағатта жетіп баруға болады

Алматыдан Елордаға көлікпен 10 сағатта жетіп баруға болады

Алматыдан Елордаға көлікпен 10 сағатта жетіп баруға болады
ашық дереккөзі
 width= "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ өкілдері тасжолдағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң жүргізушілер Алматыдан Нұр-Сұлтанға қанша уақытта жете алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап.  "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
"Қазір барлық жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша Күрті - Бурылбайтал - Балқаш тасжолының бөлігін жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталады. Бұл учаске осы кезеңде пайдалануға беріледі деген сөз. Осы кезеңде онда қозғалысқа кедергі келтірмейтін белгілер орнатылуы мүмкін", - деді "ҚазАвтоЖол" басқарма төрағасы Ұлан Әліпов.
Оның айтуынша, барлық құрылыс және жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейінгі жол айтарлықтай қысқарады.
"Қазақстанда сағатына 120 шақырым жылдамдық сақтау туралы шектеу бар. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы жол шамамен 1200 шақырым. Демек максимал рұқсат етілген жылдамдықта 10 сағатта жетуге болады. Бірақ бұл жүргізуші жолда тоқтамай және жылдамдықты азайтпайтынын ескерген жағдайда", - дейді Әліпов.