Жаңалықтар

Лукашенконың ұлы митинг туралы: Біз қорыққан жоқпыз

Лукашенконың ұлы митинг туралы: Біз қорыққан жоқпыз

 width= Беларусь президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі, Александр Лукашенконың үлкен ұлы Виктор елдегі митингілерден қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  Sputnik Беларусь агенттігіне сілтеме жасап.
"Қараңыздаршы, қала қандай таза? Бірі демалуға, екіншісі балаларымен қыдыруға бара жатыр. Ал митингілер ше? Олар өтіп жатыр. Біз одан қорыққан жоқпыз", - деді ол өзі қатысқан мотошеру туралы пікір білдіре отырып.
Бұл шара ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған екен. Ол Ресей және Беларусь қалаларында өткен. Мотошеруді халықаралық Harley owners Group (H. O. G) мотоклубы ұйымдастырған.