Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды
Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды
Испаниядағы Ортопедтер кеңесінің дәрігерлері коронавирустың жаңа белгісін анықтады, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың баяндамасында аяқта желшешек немесе қызылша сияқты ауруларда пайда болатын дақтар шықса, ол COVID-19 жұқтырғанның белгісі. Испания, Италия және Франция елдеріндегі науқастардың көбінің табандарында дақтар болды.
"Мұндай дақтар көбіне балалар мен жасөспірімдерде пайда болады. Италиялық 13 жастағы балада пайда болған дақты бастапқыда ата-анасы бір жәндік шағып алған болуы мүмкін деп ойлаған. Ал екі күннен кейін баланың дене қызуы көтерілген. Бірақ мұндай дақтар коронавирустың белгісі екені дәлелденген жоқ", - дейді испаниялық ғалымдар.