Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23 Ақпан, 2019 2735 0

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев кезекті Жолдауында баға мәселесін өзі бақалауға алатынын айтқан болатын: «Бұл маңызды мәселе. Бағаның өсуіне ешқандай да жол бермеу керек. Әсіресе, Қазақстанда өндіріліп жатқан азық-түлік тауарларына баға өспеуі тиіс». Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала басшыларына бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі азық-түлік бағасы бақылауға алынған.

Мәселен, қазіргі таңда Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Олар халық көп шоғырланған Түлкібас, Састөбе, Балықты, Жабағылы, Жаскешу және аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылдарында орналасқан. Жалпы әлеуметтік дүкендер іске қосылғанына бір жылдан астам уақыт өткен. Мақсаты – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына азық-түлікті нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзандатып сату. Әлеуметтік дүкендерге ауылдық округ әкімдіктері елдімекендердегі аз қамтамасыз етілген жанұялардың тізімін өткізіп, сол тізімдегі азаматтар жеке куәлігімен азық-түлікті арзандатылған бағамен ала алады.  

Бүгінгі таңда өнімдерді жеткізетін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Сондай-ақ, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен сатылуы қадағалануда.


Тегтер: дүкен, түркістан, азық-түлік, баға, жұмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.