Лука Модричтің аттасы «Астанамен» еңбек келісімшартына қол қойды

22 Ақпан, 2019 609 0

«Астана» футбол клубы 21 жастағы хорват Лука Шимунович еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы Астана футбол командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды

Лука «НК Загреб» клубының тәрбиеленушісі. Хорватиялық қорғаушы «Спартак» (Юрмала) сапында ойнап, Латвия чемпионы атанған. Жас хорватиялық ойыншы Балтық еліндегі мансабынан кейін «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) сапында ойнаған. 

Шимунович еурокубок аясында екі ойын өткізсе, оның алғашқсында «Спартак» (Юрмала) сапында Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде «Астана Аренада» алғаш рет алаңға шыққан. Ол кездесу елорда командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталған еді. 

Лука қорғаныс шебіндегі бірнеше позицияда ойнап, алаңда тірек жартылай қорғаушының да міндетін атқарған. 

Шимуновичтің «Астанамен» келісімшарты 3 жылға жоспарланған.

                                                                                                                                              Махметов Қуаныш

Тегтер: астана, футбол, трансфер, доп

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.